Қаратұрын кен орнындағы өрт: Метан деңгейі тиісті нормадан асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаратұрын кен орнындағы өрт: Метан деңгейі тиісті нормадан асып кетті

23.08.2023

Маңғыстау облысы Қаратұрын кен орнындағы өрт әлі өшпеген. Оның жанып жатқанына екі айдан асты. Аймақтың экология департаменті мамандары ауаның ластану деңгейін тексерген. Қазірдің өзінде апат орнындағы ауа талдаулары метанның шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенін көрсекен. Мамандар өртеніп жатқан аумақтың атмосферасын жиі тексеріп отырғандарын айтты. Өрт оқшауланғаннан кейін ғана апаттан келген шығын көлемі есептеледі деді. 

 

Хабарламаларға жазылу