«Қаламқас» кен орнындағы өрт  бір тәуліктен бері ауыздықталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаламқас» кен орнындағы өрт  бір тәуліктен бері ауыздықталмады

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы өрт бір тәуліктен бері  ауыздықталмады.  Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті мен тағы бірнеше мекеменің өрт сөндірушілері жұмыс істеуде.

Кен орнында өрт шыққаны туралы  ақпарат 25-күні таңғы сағат 06:10-да жеткен. Екінші мұнай және газ өндіру цехынан шыққан лаулаған өрттің биіктігі 10 мертге дейін жетті. 900 шаршы метр аумақ тілсіз жаудың құрсауында қалды. Төтенше жағдайды жою бойынша өңірде штаб құрылды. 

Гүлнәр Қожабекова,  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда өрт толық ауыздықталған жоқ. Мамандардың барлығы сол жаққа жұмылдырылған. Қазір онда 73 адам мен 17 техника жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат хабарланып отырады.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу