Көкшетауда 1,5 млрд теңгеге салынған жағалауда демалуға жағдай жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 1,5 млрд теңгеге салынған жағалауда демалуға жағдай жоқ

28.05.2021

Көкшетауда былтыр ғана салынған жағалаудан жыл өтпей жатып сән кетті. Ұзындығы 1 жарым шақырым, ауданы 9 гектардан асатын жағалауда спорттық алаңдар мен құрылғылар, балалар ойнайтын орындар, серуендеу жолақтары, суға түсетін жерлер бар. Алайда былтыр төселген асфальт ойылып жатыр, кей жерлерде тас жолды мүлде сүріп тастаған. Ал Қопа көліндегі суға секіруге арналған жолақтың астындағы бағандар жылжып кеткен. Дұрыс орнатылмаған спорттық құрылғылар да жетерлік. Былтыр отырғызылған ағаштардың шамамен 30 проценті өспей қалған. Жағалауды салуға бюджеттен 1 жарым миллиард теңге жұмсалды. 

 Гүлия Махметова, қала тұрғыны:
Негізінде жақсы жер. Ауасы таза, көлдің қасы болғасын. Жасалады деген үміттеміз. Қысқа уақытта болатын шығар деп ойлаймын. 

Камила Әубәкірова, Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
Жағалауда жұмыстар 95 пайызға аяқталған. Әкімдік нысанды әлі қабылдап алған жоқ. Кемшіліктер бар екенін білеміз. Мердігер «ПавлодарЭнергоМонтаж"» компаниясына олқылықтарды жоюға 31-інші шілдеге дейін уақыт берілді. Қолданысқа алынғаннан кейін де мердігер кепілдік негізінде 5 жыл жауапты болады.  

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу