Бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан жастардың екеуі - Ақтөбе облысының тумасы. Тағы бірі Атырау облысынан, қалған екі студент Орал мен Жезқазған қалаларынан келген. Топта сондай-ақ, ағайынды студент пен мектеп бітіруші болған. Өңірлік төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің айтуынша, олардың жанында жол көрсететін маман болмаған. Жоғалып кеткен жастардың арасында 4-ші курс студенттерінің бірі Абылай Тоқтасын да бар. Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қараша айында тауда түскен суретін жария етіпті. Онда табиғаттың әсемдігін суреттей келе: «қысқасы көктемде келу керек, жап-жасыл болады» деген ойымен бөліскен. Өңірлік төтенше жағдай қызметінің айтуынша, олардың жанында жол көрсететін маман болмаған.
Айнұр Ақбаева