Елімізде қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өнімдеріне сұраныс төмен
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өніміне сұраныс төмен, бағасы қымбат. Кепілдендірілген тапсырыс жоқ. Нысандардың орналасқан жерлері де тиімсіз. Сенатор Нұржан Нұрсипатов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. Сондықтан кешенді қолдауға арналған мемлекеттік тапсырыстардың бірыңғай саясатын қалыптастыру қажет. Шаралар «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заң нормаларына сай жүзеге асырылуы тиіс. Сенатор «Қазақстан-инжиниринг» ұлттық компаниясының жыл сайынғы шығынына да алаңдаушылық білдірді. Бұған қоса, компаниялар шығаратын өнімдердің сапасы сын көтермейді.
Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өнімнің сапасыз болуы – бекітілген әскери ұлттық стандарттың жоқтығынан. Заңда бұл қарастырылған еді. Әскери стандарттарды қабылдаудың мерзімі белгіленді ме? Осыны білгіміз келеді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01