Ақтөбеде перзентханадан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде перзентханадан өрт шықты

12.03.2019

Ақтөбеде облыстық перинаталды орталығынан өрт шықты. Тілсіз жау мекеменің жертөлесіндегі төсек сақтайтын орыннан тұтанып, жоғары қабаттарға шарпыған. Абырой болғанда, адамдар дер кезінде құтқарылды. Өрт сөндіру бөліміне қоңырау таңғы сағат 10:23-те түскен.

Мамандар оқиға орнына тез жетіп, өртті сөндіріп үлгерді. 316 жұмысшы эвакуацияланды. Барлығы 61 өрт сөндіруші мен 11 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт кезінде перзентханадағы 97-і жас босанған ана мен 78 нәресте ғимараттың қауіпсіз бөліміне  ауыстырылды. Сол мезетте босанып жатқан әйелдерге де қауіп төнген жоқ.

Нұрлыбек Жалмағамбетов, өрт сөндіру қызметінің бөлім бастығы:

Жоғары шақырту бойынша барлық қалалық өрт сөндіру бөлімдері, апаттық медициналық орталық, жедел құтқару жасағы, мемлекеттік емес өрт сөндірушілер, аэропорт күш құрылымдары жұмылдырылды. 5 шаршы метр жанған. Осы блокат орналасқан 4-інші қабатқа көтерілді.

Анар Әмірқұлова, облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары:

Босану бөлмесінде сол кезде 3 әйел толғатып жатыр еді, 2 әйел босанған. Ешқандай ешкімге қауіп болған жоқ.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу