Шымкент қаласында мобильді топ мүшелері 200-ден астам қонақ жиылған думанды тойды тарқатты. Карантин талабына бағынбаған шаһар тұрғыны қыз ұзату тойын ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары той иесі мен мейрамхана қожайынын әкімшілік жазаға тарту үшін тиісті хаттама толтырды.
Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтала бастауына байланысты Шымкент қаласы бас санитарынының қаулысымен карантин талаптары біршама жеңілдетілді. Бүгіннен бастап бильярд, боулинг, футбол алаңдары мен компьютерлік клубтардың жұмыс істеу уақыты ұзарды. 50 адамның қатысуымен ас өткізуге, марафон ұйымдастыруға, мейрамхана, дәмхана мен лотерея ойнату орындарының жұмысына рұқсат етілді. Келушілер міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы арқылы тексеруден өтуі тиіс. Жаңа қаулыда мектеп жанынан лагерь ұйымдастыруға тыйым салынды.
Ғани Қалмаханов