«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 35,6 мың жұмыс орны ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 35,6 мың жұмыс орны ашылмақ

25.05.2021

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасына» 300 миллиард теңге бөлінбек. Ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру барысы бүгін Үкіметте қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігінің дерегінше жоба төрт бағыт бойынша іске аспақ. Ол халықтың өмір сүру сапасын арттыру, шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Бірінші бағыт бойынша мектеп, аурухана салып, инфрақұрылымды дамыту секілді 136 жоба іске аспақ. Бағдарлама аясында 36 мыңдай адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Руслан Тілеубаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті директорының орынбасары:
Бұдан бөлек, бағдарлама шеңберінде тапсырмаға сәйкес шағын және орта бизнес субъектілеріне шағын несиелер беру бойынша бағыт қарастырылған. Ол бағыт бойынша 22,5 млрд тг шамасында қаражат көзделіп отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу