Жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» аясында 24 мың жас жұмысқа орналастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» аясында 24 мың жас жұмысқа орналастырылды

19.08.2015
Жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» аясында 24 мың жас жұмысқа орналастырылды

Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігінің мәліметтерінше, жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру барысында 15 пен 28 жас аралығындағы 24 мың жас жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту орталықтарына алғаш рет қайырылғандардың арасында мемлекеттің қолдауынсыз 13 мың жас жұмысқа орналастырылған. Олардың ең көбі, яғни 3,5 мыңы адам тағы сол Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағытына 567 жас қатысып, олар инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырылды.    

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, 285 адам шағын несиелер алып, 210 адам бірінші рет өздерінің істерін ашуға кірісті. Бұл ретте шағын несие алушылар тарапынан 113 жұмыс орны ашылғандығын да айта кету керек.  

Бұған қоса, аталмыш бағдарлама аясында алған білімі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинау үшін жастар тәжірибесінен өтуге де мүмкіндік мол.   

Хабарламаларға жазылу