Тәтті сусындарға акциз салынса, кәсіпорындар шығынға батады - мамандар
Тәтті сусындарға акциз салынса, кәсіпорындар шығынға батып, жабылып қалуы мүмкін. Осылай деген алкогольсіз сусын өндірушілер қауымдастығының басшысы бизнеске қолдау сұрап отыр. Әлия Мамытбаеваның айтуынша, сусын өндіретін кәсіпорындарда шамамен 12 мыңнан аса жұмыс орны жабылады. 20 пайыз акциз енгізілсе, өндіріс 26,4 пайызға қысқарады. 6 млрд теңгеге жуық салық түсімі азаятынын жеткізді. Қауымдастық өкілі соңғы жылдары қанттың 65, электр энергиясының 15 пайызға қымбаттағанын айтады. Еске салайық, елде тәтті сусындарға биыл 7%-бен акциз салығын енгізу ұсынылған. Оны 2025 жылға қарай 45%-ға өсіруді жоспарлап отыр.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Орманшы: Бастысы өрт болмаса екен
23.10.2025, 17:35

Ресейде М.Мәметованы еске алу шарасы өтті
23.10.2025, 17:33
Бельгиядағы қазақстандықтар Республика күнін атап өтті
23.10.2025, 17:31
Ақмола облысының Бурабай ауданында екі мәдениет үйі ашылды
23.10.2025, 17:28
«Republic Day» акциясы 27 қазанға дейін жалғасады
23.10.2025, 17:23
«Береке Fest» акциясы Қарағандыда да болып жатыр
23.10.2025, 17:21
Республика күні – егемендіктің тұпқазығы
23.10.2025, 17:18
Тәуелсіздік декларациясы – жаңа реформалардың негізі
23.10.2025, 17:15