Елордалық төтеншеліктер кешелі бері үлпілдектен шыққан өртті сөндіріп әлек. Бүгін 250 шаршы метр аумақта жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 10 адам, 2 техника тартылды. Жалпы, өткен тәулікте 95 оқиға тіркеліп, соның 53-і терек мамығының тұтануына байланысты болған. Мамандар «ойыннан от шығатынын» ескертіп, балалардың үлпілдекті жақпауы үшін ересектерді мұқият болуға шақырды.
Нысаналы Ығыл