Чилиде өрт кезінде жүздеген адамның үйі отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде өрт кезінде жүздеген адамның үйі отқа оранды

12.01.2022

Чилиде өрт кезінде жүздеген адамның үйі отқа оранды. Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, апат жайлаған ауданда су құбыры істен шыққан. Сол себепті лапылдаған жалынды сөндіру үшін құтқарушылар суды автокөліктермен тасуға мәжбүр болған. Бұған қоса, көшелердің тарлығы арнайы техниканың өтуіне кедергі болғандықтан, өрт сөндірушілер тілсіз жау ошақтарына жаяу барды. Ал жалынның не себепті тұтанғаны әзірге белгісіз.

Орман өрті 2 мың гектардай аумақты күлге айналдырды

Ал Парагвайда 221 өрт ошағы тіркелді. Мұнда алапат орман өрті 2 мыңдай орман алқабын күлге айналдырған. Оқиға орнына 40 өрт сөндіруші маман мен арнайы техника жіберілді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу