Әлем халқының 10 пайызы күзге дейін вакцина алуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем халқының 10 пайызы күзге дейін вакцина алуы тиіс

25.05.2021

Әлем халқының 10 пайызы қыркүйекке дейін коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры хабарлады. Оның мәлімдеуінше, биыл бес айдың ішінде індетке шалдыққандар саны былтырғы көрсеткіштен асып кеткен. Ал осы уақытқа дейін барлық екпенің 75 пайыздан астамы 10 мемлекетте ғана салынған. Гебреисус мұны әділетсіздік деп, елдерді вакцинаны бөлісуге шақырды.

Ал Үндістанда коронавирус жұқтыру оқиғалары азайып келеді. Алайда өлім-жітім көрсеткіші әлі де жоғары. Мұнда тәулігіне инфекциядан 4 мыңнан астам науқас көз жұмуда. Бұдан бөлек дерттен жазылғандар арасында енді «зең» ауруы, яғни мукормикоз өршіп тұр. Инфекция 9 мыңдай адамнан анықталған. Дәрігерлер оған «ковидті» емдеу кезінде қолданылған препараттардың жанама әсері себеп болуы мүмкін деп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу