Таиландта 30 миллион доллардың есірткісі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта 30 миллион доллардың есірткісі тәркіленді

23.12.2021

Бангкоктың порттық кедендік кеңсесі 193 келі есіртркі тәркілегенін хабарлады. Көшеде саудаланса, оның құны 30 миллион долларға жетеді екен.

Бір қалтаға 10 келіден салынған есірткі заты боксшылар соғатын 15 қапқа жасырылған екен. Күдікті жүк Австралияға жөнелтілейін деп тұрғанда қол түсті.

Кеденшілердің айтуынша, Австралияда таиландық бокс тренажерлері сұранысқа аса ие емес. Сондықтан, қаптарға күдік туындап, оларға тексеру жүргізілген.

Қазір екі мемлекеттің мамандары оны тасымалдаумен кім айналысты деген мәселені бірге тергеп жатыр.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу