Бюджет қаржысына қол сұғатын парақорлар азаймай отыр. Биыл мамырға дейін жемқорлар мемлекетке 4 млрд 8 млн теңге шығын келтірген. Құқықтық статистикаға сүйенсек, биыл 1300-ге жуық қылмыс сыбайлас жемқорлық бойынша қаралған. Әсіресе қызметін асыра пайдаланған лауазымды адамдар – қазына қаржысының 3,7 млрд теңгесін жымқырған. 408 млн теңгеге бөтеннің мүлкін иемденген. Ал алаяқтар 80 млн теңгеден аса шығын келтірді. Жалпы парақорлардан 3 млрд 7 млн теңге тәркіленді.
Ақерке Бектас