Елімізге жемқорлықтан келген залал 4 есе өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге жемқорлықтан келген залал 4 есе өскен

05.04.2021

Елімізге жемқорлықтан келген залал төрт еседей өскен. Құқықтық статистиканың дерегінше жемқорлар биыл қаңтар-ақпанның өзінде 1,5 миллиард теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ал былтыр екі айдағы көрсеткіш 375 миллион теңге еді. Жымқырылған қаржы төрт еседей көбейген. Жемқорлық фактісіне қатысты екі айда қозғалған 221 істің 55-і Ішкі істер министрлігіне, 40-ы әкімдіктерге, 11-і Қаржы министрлігіне тиесілі. Ал Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы мен Денсаулық сақтау министрліктерінде 5-5 қылмыстық істен. Қалғаны өзге мемлекеттік органдарға тиесілі. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу