Қарағанды әуежайының төбесінен су ағып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды әуежайының төбесінен су ағып жатыр

17.05.2021

Қарағанды әуежайының төбесінен су ағып жатыр. Кеше кешкілік күн қатты нөсер жауған кезде ғимарат шатыры сыр берген.

Төбеден құйылған су жеделсаты мен іштегі сауда дүңгіршектерінің маңайын көл қылған. Осылайша әуежайға келгендерге қолайсыздық тудырды. Бұл жағдайды сынға алған көпшілік нысан иелері ғимаратты күтіп ұстай алмаса, оны өзгелерге сатқан жөн деген пікір білдірген. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу