Оралда құрылыс материалдарының қоймасы өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда құрылыс материалдарының қоймасы өртеніп жатыр

17.05.2021

Оралда құрылыс материалдарының қоймасы өртеніп жатыр.

Екі сағат бұрын басталған өртті ауыздықтауға 54 құтқарушы мен 15 көлік жұмылдырылған. Бірақ, жалын бой берер емес, құрылыс заттарынан шыққан қара түтін әлі будақтап жатыр. Қойманың жалпы аумағы 1300 шаршы метр. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу