Басты Жаңалықтар Қызылордада жеңіл көлік каналға құлап, бір жолаушы көз жұмды

Қызылордада жеңіл көлік каналға құлап, бір жолаушы көз жұмды

Қызылордада жеңіл автокөлік жол бойындағы каналға аударылып, бір жолаушы ажал құшты. Škoda маркалы көліктің ішінде барлығы 5 адам болған. Оқыс жағдай Қызылорда-Жезқазған трассасының қаладан шыға беріс тұсында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, суға толы каналға ауып кеткен.

Қайғылы оқиғадан қаза тапқан жолушы - 1961 жылы туған ер адам. Қалғандары дәрігерлердің көмегінен кейін үйіне қайтарылды. Арнайы техниканың көмегімен көлік судан шығарылды. Жалпы соңғы бір аптада өңірдегі су айдындарында үш адам ажал құшты. Соның біреуі- бала.

Әділбек Серікұлы

Бөлісу