Қарағандыда «Жаяу» танымдық туризм жобасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Жаяу» танымдық туризм жобасы басталды

17.05.2021

Қарағандыда Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жаяу» танымдық туризм жобасы бастау алды. Оның авторы жас журналист, спортшы Асхат Қажытай. Алғашқы сапар Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбай, Әлімхан Ермеков сынды Алаш қайраткерлерінің мерейтойы құрметіне Қарағанды-Қызыларай бағытында өрбиді.

Жолдың қашықтығы -333 шақырым. Марафоншы бұл аралықты 7 күнде жүріп өтпек. Жолай Шет, Ақтоғай аудандарының тыныс-тіршілігі, айтылып, ұлтымыздың салт-дәстүрі насихатталады. Арнайы хабар дайындалып, жұртшылық назарына әлеуметтік желі арқылы ұсынылады.

Танымдық туризм жобасы Қарағанды-Жаңаарқа-Ұлытау, Қарағанды-Қарқаралы, Қарағанды-Нұр-Сұлтан және Қарағанды-Түркістан бағыттарында жалғаспақ. 

Асхат Қажытай, «Жаяу» танымдық туризм жобасының авторы:
5 бағыт бойынша жоспарланған. Қарағанды-Қызыларай бағыты - 333 шақырым. Сапардың соңы осы Сарыарқаның ең биік нүктесі - Ақсораң шыңына шығумен аяқталады. Бұл жобаның ең басты мақсаты - тарихи-мәдени орындарды таныстыру, жолдағы ауыл адамдарының кешегісі мен бүгініне тоқталу, ауыл азаматтарының портретін ашу, ауылдағы мәселелерді көтеру. 

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу