Ресейдің Қазан қаласында болған қайғылы оқиғадан соң елімізде барлық мектептердің лаңкестік әрекеттерден қорғану деңгейі тексеріліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған кешенді шаралар жақында аяқталады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік комитетінің өкілдері арнайы брифингте мәлімдеді. Тексеру қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар әзірленеді. Онда білім ошақтарына кіріп-шығу мен ғимараттың техникалық жабдықталуына қатысты жайттарға баса мән берілмек.
Қазір мектепкке алып кіруге тыйым салынатын заттар мен бұйымдардың тізімі жасалып жатыр. Бұған қатысты заң осы айда күшіне енеді. Әзірге 11 облыстағы 408 мектеп мамандандырылған жекеменшік күзет ұйымдарымен келісімшартқа отырды. 1 мыңнан астам білім ошағында орталықтандырылған бақылау жүйесі бар. 330-дан астам мектепке турникет орнатылды. Білім ошақтарындағы бейнебақылау камераларының санын арттыру жұмыстары қолға алынады.
Дарын Сағитов