БҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмып, 39 жылқы жанып кетті
Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір үйлі жан қаза тапты. Өскемен-Алтай трассасында Volvo маркалы жүк көлігі жол жиегіне аударылып, жанып кетті. 37 жастағы көлік жүргізушінің қасында әйелі және кәмелет жасқа толмаған екі баласы болған. Сот сараптамасы тағайындалып, тергеу-тексеру басталды.
Ал Батыс Қазақстанда көлік апатынан екі адам қаза тауып, 40 қа жуық жылқы тірідей жанып кетті. Жануарларды тіркемесіне тиеп алған КамАЗ жүк көлігі өзге бір автокөлікпен соқтығысып, өрт шыққан. Оқиға Самара-Шымкент күре жолының Қаратөбе ауданы аумағында болды. Қайтыс болған екі адамнан басқа, тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция бұл іс бойынша тергеуді бастады.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында жаңа көпірдің арқасында қатынас жеңілдеді
05.11.2025, 21:12
Қостанайда жел электр станциялары салынып жатыр
05.11.2025, 21:10
Сарапшы: С5+1 саммиті Транскаспий дәлізінің мүмкіндігін арттыруға жол ашады
05.11.2025, 21:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2025, 21:00
Ақтөбе облысында мал ұрлығы тыйылар емес
05.11.2025, 20:55
Павлодар облысында малын қараусыз қалдырғандар айыппұл төледі
05.11.2025, 20:42
Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр
05.11.2025, 20:39
«Интер» - «Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
05.11.2025, 20:38