Коронавирустың үндістандық варианты Оңтүстік және Солтүстік Американың 6 елінен табылды. Індеттің бұл түрі өте тез жұғатындықтан, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Еуроодақ өз құрамындағы 27 мемлекетті Үндістанмен арадағы аса маңызды емес сапарларды доғаруға шақырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үндістандық нұсқаның таралуын «алаңдатарлық жағдай» деп атады.
Соңғы мәліметке қарағанда, Үндістанда коронавирус құрбандарының саны 250 мыңға жетіп, жұқтырғандар 23 миллионнан асып кетті.
Мұнда пандемияның екінші толқыны ақпанда басталған. Қазір крематорийлер мен мәйітханалар ковидтан қайтыс болғандарды қабылдап үлгере алмай жатыр. Вирустың жайылуы Үндістанда өзінің шарықтау шегіне қашан жетері әзірге белгісіз.
Арыстан Рысбек