Коронавирустың тарау себебі тергеліп жатыр – ДДСҰ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың тарау себебі тергеліп жатыр – ДДСҰ

04.03.2023

Коронавирустың тарау себебі әлі тергеліп жатыр. Мұны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Айта кетсек, бірер күн бұрын Құрама Штаттардың Энергетика департаменті, ковидтің Қытайдағы зертханадан шығып кеткені жайлы болжамын жариялады. Ресми Бейжің болса, бұл нұсқаны дереу жоққа шығарды. Өзге бір ғалымдардың пайымдауынша, пандемияға осы инфекцияның жануарлардан адамдарға берілуі түрткі болуы мүмкін. Алайда, бұған да нақты дәлел болмай отыр. Сондықтан, зерттеу әлі жалғасады деді.

Тедрос Адханом, Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:

Мен соңғы хабарламалар мен саясаткерлердің түсініктемелеріне қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ковид пандемиясының шығу тегін анықтау жоспарынан бас тартпағанын анық айтқым келеді. 2021 жылы патогендердің тарау мәселесі бойынша ғылыми-кеңес тобы құрылды. Және де біз Қытайды деректермен ашық бөлісуге шақыруды жалғастырып жатырмыз Осы мақсатта Қытайдың жоғары деңгейдегі басшыларына бірнеше рет хат жазып, олармен апталар бойы келіссөз жүргіздік.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу