Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында жасөспірім дене жарақытынан ауруханаға түсті. Полиция қызметкерлері іле-шала 15 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындады. Өзара жанжалдың соңында ол жәбірленушіге пышақ жарақатын салған. Балалардың екеуі де Қарқаралыдағы №1 мектептің оқушылары.
Қазір жәбір көрген жасөспірім Қарағандыдағы облыстық балалар ауруханасында. Оның денесіне тілік жарақаты түскен, алайда ішкі органдарына зақым келмеген. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жанатай Сембеков, Полиция департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
- 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, ол заңды тұлғалардың қатысуымен келіспеушілік салдарынан жәбірленушіге аталған пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.