Жетісу облысында мәслихат депутатын пышақтап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында мәслихат депутатын пышақтап кетті

16.01.2024

Жетісу облысында Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов адам қолынан мерт болды. Полицияның дерегінше, оқиға Үшарал қаласындағы құрылыс алаңында болған. Ішімдік ішкен 24 жастағы тұрғын құрылысшыларды пышақпен қорқытып темекі сұраған. Араша түсіп, көмек көрсеткісі келген 34 жастағы депутаттың жүрек тұсына пышақ сұққан. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрболат Шаму, облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы:

Ұсталған ер адам Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындау мен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу