Sputnik V вакцинасының екінші дозасы жеткілікті өндірілмей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Sputnik V вакцинасының екінші дозасы жеткілікті өндірілмей жатыр

12.05.2021

Ресей Sputnik V вакцинасының екінші дозасын өндіруде көптеген проблемаларға тап болып отыр. Мұны Мексика денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мәлімдеді. Олардың сөзінше, «спутниктік» екінші компоненті біріншісіне қарағанда аз шығарылған. Алайда, осы екпе өндірісін қаржыландырған Ресей тікелей инвестициялар қоры бұл мәліметті жоққа шығарды.

Айта кетсек, Sputnik V-дің тиімділігі Венгрия зертханасы растағаннан кейін Словакия оны сатып алу мәселесін қайта қарастыратынын мәлімдеді.

Ал, Бразилия AstraZeneca вакцинасын жүкті әйелдерге салу тоқтатылды. Рио-де-Жанейрода осы екпе түрін қабылдаған 35 жастағы әйел инсульттан қайтыс болған. Ол жүктіліктің 23-ші аптасында көз жұмды. 

AstraZeneca компаниясы болса, клиникалық сынаққа аяғы ауыр әйелдердің тартылмағанын және жануарларға жүргізілген тәжірибе бұл препараттың жүктілікке қатысты жағымсыз нәтиже көрсетпегенін айғақтады деп отыр.

Арыстан Рысбек

ресей вакцина

Хабарламаларға жазылу