«Highvill Kazakhstan» компаниясының офисі өртеніп кетті
Өткен түнде Астанада «Highvill Kazakhstan» компаниясының көрсетілім-көрме орталығы өртенді. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оттың тұтанғанын кешкі сағат 21:00 шамасында ғимараттың күзетшісі байқап, бірден өрт сөндірушілерді шақырған.
Өрт туралы хабарлама кешкі 21:11-де түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 5 минуттан соң жетті. Ол кезде ғимараттың барлық жері өртеніп, будақтаған түтін шығып жатты. Ішінде бірнеше бөлшектері құлаған.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
- Ғимараттың құрылысына пластик, пенопласт сынды тез жанатын материалдар пайдаланылған. Ал, сырты алюкобондпен әрленген. Бұл материалды құрылысқа пайдалануға 2009 жылы тыйым салынған. Ал, нысан 2005 жылы пайдалануға беріліпті. Нәтижесі осы. Әп-сәтте 2 қабатты ғимарат жермен-жексен болды.
Өрт 22:45-те ауыздықталды. Түнгі сағат 1:42-де толық өшірілді. От 1500 шаршы метр аумақты шарпыған. Сөндіру жұмыстарына 95 құтқарушы мен 25 техника жұмылдырылды. Ғимараттың өрт қауіпсіздік жағдайы соңғы рет 2012 жылы тексерілген.
Мейрамбек Қайсанов, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары:
- Арыз-шағымсыз тексеруге қақымыз жоқ. Тексерістер прокуратураның рұқсатымен ғана жүргізіледі. Прокуратурадан рұқсат алу үшін негіздеме болу керек.
Өрттің нақты неден шыққаны әлі белгісіз. Қазір оқиға орынында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
