Тәуелсіздік жылдары елімізде ортажәне кәсіптік білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер болды. Заман талабына саймаман дайындау ісі жолға қойылды. Мәселен, тек өткен жылдан бері Ақтөбе облысындағы 9 колледжге «Жасмаман» жобасы бойынша заманауи қондырғылар әкелінді.
Соның арқасында білім алушылар инновациялық жобаларды жүзеге асырып, біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Ақтөбе автожол колледжінен 3 бірдей бөлімі аталған жобаға енген. Кәсіптік білім беру мекемесіндегі «Тоңазытқыш компрессорлық машиналармен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау және полиграфия мамандықтары еліміздің батыс өңіріндегі өзге бір де бір колледжде жоқ. Сондықтан мұнда 200 миллион теңгеге германиялық, жапондық және ресейлік озық үлгідегі құрал-жабдықтар әкелінді. Студенттер бұл құрылғылармен барлық санитарлық талаптарын сақтай отырып онлайн және оффлайн түрінде келіп танысып жатыр.
Жақсыбек Кемал