Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Әбілязов пен Ілияс Храпуновтың жүздеген миллиондарды ұрлағанына қатысты талаптар сотта мәні бойынша қарастырылсын деп қаулы етті. Оларға қатысты төрт талап қойылған: заңсыз иемдену; негізсіз баю; меншік құқығы және Нью-Йорктің азаматтық практикасы туралы ережелері мен заңына сәйкес талап қою. Судья осының төртеуін де сотта қарауға рұқсат берді. Элисон Нейтан ұсынылған мағлұматтарды мұқият зерделеудің негізінде АҚШ-қа инвестицияланған қаржыны Мұхтар Әбілязовтың ұрлағанын, кейіннен оларды Ілияс Храпуновтың және басқалардың әдейі жылыстатқандығын растайтын «елеулі дәлелдемелердің» бар екенін атап өтті.
Оңғар Алпысбайұлы