Әлемдік рейтингте бесінші орындамыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік рейтингте бесінші орындамыз

22.02.2016
Әлемдік  рейтингте бесінші  орындамыз
Әлемдік  рейтингте бесінші  орындамыз

Халықаралық GOBankingRates агенттігі әлемдегі өмір сүру арзан тұратын 50 елдің рейтингін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан бесінші орында.

Рейтингке 112 мемлекет қатыстырылған. Ал, есеп-қисап жасап, салыстыру үшін мамандар Нью-Йорк қаласындағы өмір сүру деңгейін таңдап алса керек. Сөйтіп, тұрғындардың сатып алу қабілеті, баспананы жалға алу құны, азық-түлік пен көрсетілетін қызметтің бағасы сынды бірқатар факторлар ескеріле отырып осы рейтинг жасалған.

GOBankingRates агенттігінің мамандары қазақстандықтардың тауарларды сатып алу қабілеті Нью-Йорк тұрғындарына қарағанда 38,2 пайыз төмен екендігін анықтаған. Бірақ, Нью-Йоркта жергілікті азық-түлік пен қызмет көрсету қымбат. Біздің елде азық-түлік АҚШ-тың алып шаһарындағы бағаға қарағанда 74,8 пайызға, өзге тауарлар мен қызметтер 68,7 пайызға арзан. Ал, пәтер жалдау құны Қазақстанда Нью-Йорк қаласындағы бағадан 88,9 пайыз төмен. Нәтижесінде, сарапшылар Қазақстанда өмір сүру арзанға түседі деген шешім шығарыпты.

GOBankingRates агентігінің рейтингінде ең арзан елдердің тобын Оңтүстік Африка республикасы бастап тұр. Одан соң Үндістан, Косово, Сауд Арабиясы тұр. Бестікті Қазақстан қорытындылаған.

Посткеңестік елдер ішінде Молдова 15, Әзербайжан 23, Украина 24, Ресей 39, Армения 42, Литва 49, Беларусь 50, Өзбекстан 69 орында тұрса, рейтингте Орталық Азиядағы көршілеріміз Түркіменстан, Тәжікстан мен Қырғызстан көрсетілмеген.

Жалпы, 112 елдің ішінде өмір сүру ең қыбат елдердің тізімін Бермуд аралдары түйіндеп тұр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу