Нью-Йорктегі Теодор Рузвельтке арналған ескерткіш алынып тасталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорктегі Теодор Рузвельтке арналған ескерткіш алынып тасталады

22.06.2020
Нью-Йорктегі Теодор Рузвельтке арналған ескерткіш алынып тасталады

АҚШ-тың 26-президенті Теодор Рузвельтке арналған Нью-Йорк төріндегі ескерткіш алынып тасталады. Ат үстінде отырған президент пен Американың байырғы халықтары жанында жаяу бейнеленген ескерткіш колонизм мен адам құқығын таптаудың нағыз көрінісі дейді мамандар.

Ескерткіш шаһардағы Американың тарих мұражайы алдында орналасқан. Оны алып тастау шешімін музей басшылығы мен қала әкімдігі қолдап отыр.

«Дәл қазір бұл проблемалық мүсінді алып тастаудың уақыты келіп тұр»,- дейді Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио

Музей директоры Эллен Футтердің айтуынша, ескерткішті алып тастауға Рузвельттің ешқандай қатысы жоқ. Бұл жердегі басты мәселе мүсіннің иерархиялық мағынасында көрінеді.


Естеріңізге сала кетейік, афроамреикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінде орын алған шеру салдарынан Христофор Колумб, Джордж Вашингтон, Уинстон Черчилль және көптеген Еуропа монархтарына қойылған ескерткіштер зақымдалып, кейбірі шерушілер қолымен құлатылған еді.

Lenta


Хабарламаларға жазылу