Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында бүгіннен бастап 1-5 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшті. Мұндай шара індеттің таралуына жол бермеу үшін қабылданған. Жезқазған қаласының маңындағы төрт ауылдық мектепте және өңірдің басқа қала, аудандарында штаттық режимде сабақ беру жалғасады.
Жалпы Қарағанды облысы 7 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша «қызыл» аймаққа кірген. Өңірде СОVID-19 пандемиясы басталғаннан бері 22 мыңнан аса адам ауырған.
Руслан Нұрланұлы