Елордада аязға байланысты бастауыш сыныптар қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада аязға байланысты бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

19.11.2021

Бүгін елордада ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Өткен түнде Нұр-Сұлтан қаласында сынап бағанасы –23 градусқа дейін түсті. «Казгидромет» мәліметі бойынша бүгін Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Атырауда да қолайсыз метеожағдай болады. 

Хабарламаларға жазылу