Қазақстан және Ресей ғалымдары Мәскеуде бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан және Ресей ғалымдары Мәскеуде бас қосты

25.04.2021

Путиннің Ресейге қарсыларды Киплингтің Маугли туралы ертегісіндегі Табаки шибөрісіне теңегеніне Ақ үй былқ етпейді, себебі америка басшылығының «терісі қалың» деді АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Джен Псаки. Маугли ертегісінде Табаки шибөрі жауыз жолбарыс Шерханның құйыршығы. Ресей президенті биылғы жолдауында Ресейдің сыртқы қауіпсіздігі туралы айта келе, «бүкіл әлеммен дос болуды қалаймыз, бірақ арандатушылыққа қатаң жауап береміз», дейді. «Ресейді ана жерден, мына жерден түртіп кетеді. Әрине, олардың қасында Шерханның жанындағы сияқты ұсақ Табакилер жүреді. Бәрі Киплинг жазғандай. Өзінің егемендігін мақұлдату үшін ұлиды. Киплинг — ұлы жазушы», - деген. Айтпақшы осы аптада түрмеге отырғызылған оппозиционер Навальныйды жақтап Ресейдің ірі қалаларында митингілер өтті.

Мәскеуде қазақстандық және ресейлік парламент депутаттары, тарихшылар, ғалымдар бас қосып, серіктестіктің 30 жылдығына орай конференция өткен. «Тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы тиіс. Ал Қазақстан мен Ресейдің достығына сызат түсіргісі келетіндердің пікіріне назар аудармаған жөн»,- депті.


тарих

Хабарламаларға жазылу