Елімізде ақша айырбастау орындары азайып жатыр. Қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша бір жылда 400-ден астам валюта айырбастау пунктері жабылған. Жұмысын тоқтатқан орталықтар әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларында көп. Сарапшылардың айтуынша бұған клиенттердің азаюы себеп. Өйткені олар ақшаны онлайн айырбастауға көше бастаған. Оның үстіне орталықтардың жұмыс уақытына шектеу қойылып, валютаны сату-сатып алу айырмасын көп асырмау туралы ереже енгізілгелі табыстары да айтарлықтай азайған дейді мамандар. Сондай-ақ пандемия да пунктердің жабылуына әсер еткен.
Досжан Маратұлы