Cемейде 5-сынып оқушысын көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cемейде 5-сынып оқушысын көлік қағып кетті

21.04.2021

Семейде 5-сынып оқушысын көлік қағып кеткен. Оқиға Абай көшесі бойында жаяу жүргіншілер өткелінде болған. 48 жастағы Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырғандықтан, тоқтап үлгермеген. Баланы жарақатпен жедел жәрдем дереу емханаға жеткізген. Қазір жағдайы қалыпты. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оның нәтижесі бойынша жүргізушіге қатысты шара қолданылады.

Жалпы соңғы уақытты қалада жасөспірімдерді көлік қағу деректері жиілеп кеткен. Сондықтан полицейлер 21-23 сәуір аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын қолға алмақ.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу