Қостанай облысында тасжолды мұз басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында тасжолды мұз басып қалды

19.04.2021

Алматы – Екатеринбург тас жолының 813-ші шақырымындағы 500 метр бөлігін биіктігі 5 метр болатын мұз басып қалды. Соның кесірінен қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтады.

Бұл Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Севастополь ауылының тұсы. Қатпар – қатпар мұздың жол үстіне шығып кетуіне қатты соққан жел мен ағын су себеп болыпты. «ҚазАвтоЖол» мамандары хабар жеткен бетте жедел қимылдап жолды аршуға кіріскен. Қазір жеңіл көліктер жүріп жатыр. Желдің күші бәсеңдегендіктен мұздың жылжуы да тоқтаған.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу