Басты Жаңалықтар Үндістанда бір тәулікте 261 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Үндістанда бір тәулікте 261 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Жексенбі күні бұл инфекция 261500 адамнан табылды. Осылайша, ковидке шалдыққан науқастар саны 15 миллионға жақындап, оңтүстіказиялық мемлекет қауіпті ауруды жұқтырудан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты.

Әсіресе, ел астанасындағы эпидемиялық ахуал қиын. Өткен тәулікте Нью-Делиде 25 мыңдай адамнан коронавирус табылды. 

Дәрігер-сарапшылардың пікірінше, Үндістанда пандемияның қайта күшеюіне былтыр карантиннің ерте жеңілдетуі себепші. Ал, планета бойынша Covid-19-ға шалдыққан науқастар саны 141 миллион асып отыр.

Арыстан Рысбек


Бөлісу