Қарағанды облысында 600-ге жуық жазасын өтеуші екпе алды
Қарағанды облысында тәртіп сақшылары жаппай екпе алуда. Бүгінгі күнге дейін 1 мыңнан астам полицей вакцина салдырған. Дәрігерлер күніне 300 адамнан қабылдауда. Жалпы облыс бойынша жеке құрамның 6 мың қызметкеріне сәуір айының соңына дейін екпе салынбақ.
Талғат Оспанов, патрульдік полиция батальонының командирі:
Біз халықпен жұмыс істейміз күнде-күнде, жеке құрам жұмыс істейді. Сол себептен өзім шешім қабылдап, жеке құраммен бірге вакцина алуға шешім қабылдадым. Әзірше жақсы, жоқ, ештеңе сезілмейді. Бәрі тамаша, денсаулығым тамаша. Бұрыңғы қалыпты өмірге келу үшін бәріміз вакцина алуымыз керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ, облыс аумағындағы түзеу мекемелерінде де екпе егу науқаны жүріп жатыр. Алғашқы күні 548 жазасын өтеуші вакцина алды. Өңірде 10 түзеу мекемесі орналасқан. Оларда 4 мыңға жуық сотталған жазасын өтеп жатыр.
Руслан Нұрланұлы,
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы әзірленеді
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін адамзатты біріктіру құралы ретінде пайдаланылуы тиіс
18.09.2025, 10:05
Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Қостанай облысында жол апатынан 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01