Саяжайда 1 тоннаға жуық бекірені жасырын сақтаған Атырау тұрғыны ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяжайда 1 тоннаға жуық бекірені жасырын сақтаған Атырау тұрғыны ұсталды

16.04.2021

Атырауда саяжайына 1 тоннаға жуық бағалы бекіре балығын сақтаған тұрғын ұсталды. Күдікті - 25 жастағы жігіт. Полицейлер жедел-алдын алу операциясы кезінде оның тоңазытқышынан 247 дана бекірені шығарған. Істің анық-қанығын тексеру үшін қазір тергеу жүргізіліп жатыр.  

Нұрлыбек Қанатов, Облыстық полиция департаменті бөлімінің бастығы:
Аталған қылмысқа күдікті 1996 жылы туған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу