Таразда ұрланған қару-жарақтарды гаражға жасырған екі күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда ұрланған қару-жарақтарды гаражға жасырған екі күдікті ұсталды

19.01.2022

Таразда екі күдікті ұсталды. 24 жасар қала тұрғыны тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында сақтаған. Ал, екінші күдікті қақтығыс болғанда әскерилер мен полицияның қорғаныс құралдарын қолды қылған.

Қала тұрғыны қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағанын мойындады. Күдіктіден барлығы 10 бірлік «Макаров» тапаншасы, 4 «Калашников» автоматы мен 2 шулы граната тәркіленді.

Сонымен қатар, шағын аудандағы жалға алынған пәтерлердің бірінен ұрланған полицияның бас киімі, қорғаныс құралдары табылды. Екі күдіктінің де жеке басы анықталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары басталды.


Хабарламаларға жазылу