Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар ұсталды

16.04.2021

Ақмола облысының Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан қаскүнемдер ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде ақмолалық полицейлер осы іске қатысы бар деген күдікпен Щучинск қаласындағы колледждердің бірінің 3 студентін ұстаған. Кәмелетке толмаған балалардың пневматикалық тапаншадан оқ атқанын көрген екі куәгер де табылды. 

Әсемгүл Кочубаева, Ақмола облысы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі: 
Күдіктілер 11 сәуір күні кешкі сағат 22.00 шамасында көп қабатты үйдің ауласында пластикалық бөтелкелерге пневматикалық тапаншадан оқ атып жүрген. Дәл осы уақытта өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне абайсызда оқ тигізіп алған. Олар қорыққаннан оқиға орнынан қашып кеткендерін мойындады. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу