Елордада жыл басынан бері негізгі азық-түлік тауарлары қымбаттаған. Соған орай оны тұрақтандырудың екі тетігі іске асырылуда. Біріншісі – тұрақтандыру қорын қалыптастыру, екіншісі – айналым механизмін ұйымдастыру. Бірінші тетік бойынша ұн, күріш, қант сатып алынды. Ал айналым механизмі бойынша бірнеше азық-түлік орталықтырына пайызсыз несие берілді. Яғни, олар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын келісімшартқа сай ұстап отырады. Арнайы мониторингтік топ бағаның өспеуін бақылайды. Белгіленген тауарлардың бағасын қымбаттатпайтын сауда орталықтарының қатарына «Магнум», «Астықжан», «Кеңмарт», «Вкус март», «Анвар», «Аян» супермаркеттері, «Ақмол» сауда үйі мен «Шапағат» базары еніп отыр.
Ризагүл Муслимова, «Astana» ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры:
Екінші тетік бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Сондықтан осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бұл қатарға сүт, ет өнімдерін қосуды қарастырып жатырмыз.
Ақниет Балтанова