Елімізде импортқа тәуелділік 15% пайызға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде импортқа тәуелділік 15% пайызға азайған

14.12.2021

Елімізде биыл ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша импортқа тәуелділік 15 пайызға азайған. Бұл туралы Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесін қарау кезінде айтылды. Премьер-министрдің айтуынша бұл салаға құйылған инвестиция 11 айда 40 пайызға ұлғайған. Ал ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамту үлесі 80 пайызға жетіп, экспорт көлемі 14 пайызға өскен. Көрсеткішті арттырып, азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 2025 жылға дейін 4,4 трлн теңгеге 900-ден астам инвестициялық жоба іске аспақ.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Бұл жобаларды іске асыру ең алдымен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы 2023 жылдың соңына дейін барлық негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті алып тастау қажет.


Хабарламаларға жазылу