Астанада облыстардың ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада облыстардың ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

01.09.2015
Астанада облыстардың ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Астана әкімдігі барлық облыстарға шақырту жіберген. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин хабарлады.

Қазіргі таңда бірнеше облыс жәрмеңкеге қатысатынын растаған. Елордада тамыз айында Жамбыл облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда 17 түрлі азық-түлік түрі нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан сатылды.

Астанадағы азық-түлік  бағасын бақылайтын штабқа жетекшілік ететін әкім орынбасары сүт пен ет және кейбір көкөніске баға аздап қымбаттағанын айтты. Бағаның өсуі негізінен маусымдық өзгерістерге байланысты екені анықталған.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу