Министрлік: Зейнетақыға қатысты ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрлік: Зейнетақыға қатысты ақпарат жалған

09.04.2021

Мамырда зейнетақыға 40 мың теңге қосылады. Әлеуметтік желілерде қазір осындай ақпарат тарап жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оның жалған екенін айтып, сенбеуге шақырды. Айтуларынша қолданыстағы заң бойынша зейнетақыға ешқандай үстемақы қарастырылмаған. Биыл әлеуметтік төлем жыл басында 7 пайызға өскен еді. Сондай-ақ министрлік жалған ақпарат таратқан үшін жауапкершілік барын ескертті.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу