Шенеуніктердің жауапсыздығы оқушыларды оқулықсыз қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктердің жауапсыздығы оқушыларды оқулықсыз қалдырды

05.09.2014
Шенеуніктердің жауапсыздығы оқушыларды оқулықсыз қалдырды

Облыстық Білім басқармалары министрлікке оқулықтар жеткілікті деп, жалған ақпарат берген.

Атап айтсақ, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облысындағы мектептер оқулықтармен толық қамтылмаған.

Қолдарын мезгілінен кеш сермеген әкімдіктер бүгінгі күні жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңге бөліп, ол аудандық және қалалық білім бөлімдеріне берілді.

Ал Білім министрлігі жалған ақпарат берген басшыларға қатысты ешқандай шара қолдана алмай отыр. Өйткені, облыстық Білім басқармасына басшыны облыс әкімінің өзі тағайындайды.

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу