Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

08.04.2021

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия толық құрылып, ғалымдар еліміздің архивтерінде зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы комиссияның екінші отырысын өткізген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев айтты. Жиында архив қорларын кезең-кезеңімен ашу жөніндегі кіші комиссия құру туралы шешім қабылданды. Ал Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 11 жұмыс тобы жасақталып, олар архивтерде жұмыс істеуге рұқсат алған. Сондай-ақ, ғалымдар жалақысы сақтала отырып, жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу институтындағы негізгі жұмыстарынан уақытша босатылған.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу