Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау шаралары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау шаралары жүріп жатыр

23.12.2021

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Комиссияның биылғы жұмыс қорытындысы мен келер жылға арналған басым бағыттар айқындалды. Орталықта және өңірлерде Мемлекеттік комиссияның тұтас ұйымдық құрылымы қалыптасқан. Әдістемелік база әзірленіп, отандық және шетел архивтерінде жүйелі іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жиында саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы базасы, мемлекеттік комиссияның электрондық порталы таныстырылды. Жұмысты жан-жақты дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Мемлекеттік комиссияның шешімімен ұсынылған кандидатуралар жоғарыда аталған жұмыс топтарының басшылары болып бекітілді. Әріптестеріме жаңа жылда жемісті еңбек етуін тілеймін Жұмыс оргоны білім және ғылым министрлігі мем комиссияның құжаттамасына қажетті өзгерістерді енгізуді тапсырамын.


Хабарламаларға жазылу